Новости и объявления
ЮНЕСКО тоғызұмалақ ойынын адамзатқа ортақ мәдени мұра деп таныды
18 декабря, 20:10
Тоғызқұмалақ ойыны Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативтік тізіміне енгізілді.
Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет тиісті ұсыныс үшін дауыс берді. Ол комитеттің 2020 жылдың 14-19 желтоқсаны аралығында онлайн режимде өтіп жатқан 15-сессиясы аясында өткізілді.
Отандық делегация құрамында – Қазақстанның UNESCO жанындағы Тұрақты өкілдігінің қызметкерлері мен UNESCO және ICESCO істері жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы МЕММ бойынша Ұлттық комитеттің сарапшылары бар.
Қазақстан 2018-2021 жж. аралығында комитет жұмысына UNESCO-ның осы беделді органының мүшесі ретінде қатысып келеді. Аталмыш сессияда Үкіметаралық комитет 42 номинацияны, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Түркия бірлесе енгізген "Тоғызқұмалақ" ойынын қарастырды.
Тоғызқұмалақ (қырғыздарда – Тогуз коргоол, түріктерде – мангала/гечюрме) – адамның ұтқырлық пен тапқырлық қасиетін ұштайтын, әрі математикалық ойлау мен төзімділікке баулитын ойын. Ол ежелгі түркілер қасиетті санаған 9 санына негізделген. Ойынды кейде "қойшылар алгебрасы" деп те атады.
Өйткені, ойын кезінде барлық төрт негізгі математикалық амал қолданылады. Ойын жылдамдық пен әдіс-тәсіл санауға құрылған. "Тоғызқұмалақтың" енуімен бірге МЕММ репрезентативтік тізіміндегі адамзаттың мәдени мұрасы санатындағы қазақстандық элементтер саны 11-ге жетіп отыр.
Бұған дейін бұл тізімге домбыра күй өнері, киіз үй жасау дәстүрі, айтыс, қазақ күресі, Наурыз мейрамы, саятшылық, жіңішке нан – қатырма, асық ойыны, Қорқыт мұрасы және қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі мерекелік әдет-ғұрыптары (бие байлау, айғыр қосу, қымыз мұрындық) кірген болатын.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz
другие статьи
-
Грамматика казахского языка - "Винительный падеж"
15 мая, 21:30 -
Жігіттер тобының орындауындағы әндер
31 января, 14:54 -
«Наннан ауыз тиіңіз…» материал к 23 уроку
29 марта, 18:30 -
260 детей получат гранты акима Алматинской области
13 августа, 19:14 -
Денсаулық – зор байлық / материал к 14 уроку
2 декабря, 23:28
