Полезно знать
Сақтық бата
6 ноября, 13:03
Дұшпанның табасынан сақта,
Достың наласынан сақта.
Өмір бойы жазылмайтын,
Жүректің жарасынан сақта.
Шарасыз шерменде болғаннан сақта,
Мезгілсіз солғаннан сақта.
Ағайынға көзтүрткі болып,
Сүмірейтіп қорлаудан сақта.
Сенгенің сатып кеткеннен сақта,
Дұшпан алдында шөккеннен сақта.
Қарғап-сілеп тамам жұрт,
Қаһарын төккеннен сақта.
Үгіліп жылағаннан сақта,
Араша сұрағаннан сақта.
Амалың құрып есеңгіреп,
Қайтып тұрмастай құлағаннан сақта.
Кесапаттың зәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Қол жайып тілеген пендеңді,
Пәле-жаланың бәрінен сақта.
Әумин!
другие статьи
-
«Слова назидания» Абая издали на иврите
10 августа, 19:10 -
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
24 апреля, 14:44 -
Өмірəлиев Құлмат. Қазақ тіл білімінің мəселелері
20 сентября, 10:49 -
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы
28 ноября, 21:12 -
Казахская игра в кости вошла в наследие ЮНЕСКО
24 октября, 20:31
