Read
Залалсыздандыру және зарарсыздандыру
2 april, 0:23Жалпы, «залал», «зарар» сөздері – қазақ тіліне араб тілінен енген тілдік бірліктер. Олар толық, абсолютті синонимдер деуге де болады. Ал мағынасына келер болсақ:
1) зақым келу, мертігу, зиян келу, бүліну;
2) зиян, шығын» дегенді білдіреді. Араб тілінде «зарарун» сөзінің – «зақым келу, зиян, шығын» деген мағынасы бар.
Алайда, сөз термин мәселесіне қатысты болған жағдайда, оларды бірінің орнына бірін қолдана беруге болмайды.
Өйткені терминдерге қойылатын басты талаптардың бірі – термин бірізділігі мұндай құбылыстарға жол бермейді. Яғни бір ұғымға – бір термин принципі қатаң сақталуы қажет. Сондықтан да, қазіргі таңда өзекті терминге айналған «дезинфекция» – «залалсындандыру» болса, «стерилизация» – «зарарсыздандыру». Иә, аталған екі терминнің мағыналық жақындығы анық. Дегенмен, олар екі бөлек ғылыми ұғымды айқындайтыны да сөзсіз: «залалсындандыру» – «қоршаған ортадағы жұқпалы ауру қоздырғыштарын құрту»; «зарарсындандыру» – «әскерлерді радиоактивті заттардың зарарынан қорғау үшін қару-жарақтардан, киім-кешектерден, азық-түлік пен судан, қорғаныс бекіністері мен қоршаған ортадағы басқа да нысандардан зарарлы заттарды кетіріп, қауіпсіз дәрежеге жеткізу».
ҚАРЛЫҒАШ АЙДАРБЕК
Филология ғылымының докторы, ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі
Дереккөз: tbi.kz
другие статьи
-
Филармония имени Жамбыла отметит 85-летие грандиозным зимним фестивалем
18 december, 17:28 -
Стало известно, кто представит Казахстан на Junior Eurovision-2020
26 september, 15:46 -
ПУТЕШЕСТВИЕ / САЯХАТ
2 october, 22:37 -
Академия Абая планирует издать более 20 книг до конца года
26 august, 20:00 -
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
18 may, 19:05 -
Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтелдер
6 may, 21:36
