Читаем
АБАЙ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕЙТІН 10 ДЕРЕК
3 марта, 19:03
Биыл ұлы Абайдың туғанына 175 жыл. Атаулы дата қарсаңында, newsroom.kz ақпарат агенттігі ұлт мақтанышы туралы 10 қызықты деректі ұсынады.
1. 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласынан 180 шақырым қашықтықтағы Жидебай қыстағында дүниеге келген.
2. Абай тобықты руынан. Әкесі – Құнанбай Өскенбайұлы өз заманының өте беделді адамы болған. Аға сұлтан дәрежесінде қызмет атқарған.
3. Абай көзі тірісінде 170 жуық өлең жазған. Ең танымалы – 9 жыл бойы жазған «Қара сөздері». 45 қара сөзден құралған бұл шығармасы әлі күнге өзектілігін жойған емес.
4. Абай болыстық қызмет атқарған. Заңды жетік білген.
5. Абай 59 жыл ғұмыр кешкен. Шыңғыстауға жақын Жидебайдың маңындағы өз қыстағына таяу тұсқа жерленген.
6. Ибраһим Абайдың шын есімі. Абай деп әжесі атап кеткен.
7. Семейдегі Молда Ахмет Ризаның медресесінде білім алған.
8. Жиырмаға жуық ән шығарған. Ол әндер бүгінде халық мақтанышына айналды. Мәселен, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегізаяқ» және т.б.
9. Абай шығармалары Әлемнің 60 тіліне аударылған.
10. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романын 20 жылға жуық жазған.
другие статьи
-
Ғибратты әңгімелер: "ТҮЙМЕЛЕР"
19 апреля, 13:57 -
В международный день перевода чествовали лучших переводчиков
1 октября, 10:17 -
В этом году исполняется 105 лет со дня рождения Ильяса Есенберлина
5 августа, 10:24 -
В ПРИЕМНОЙ / ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ
8 сентября, 10:16 -
Ввести новый предмет в школах предложил Президент
10 июля, 15:05 -
Көз жетпеген жерге сөз жетеді / Куда глаза не доходят..
2 декабря, 23:25
