Читаем
Ғибратты әңгімелер: "ҮШБҰРЫШ ЖӘНЕ ТӨРТБҰРЫШ"
3 октября, 21:57Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды.
- Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! – деді Төртбұрыш.
- Одан не пайда? – деді Үшбұрыш. – Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады.
- Міне бұл тауып айтылған сөз! – деді домаланған Жұмыр Шар. – Маған жұрт қай жағымнан келерді білмейді. Мысалы... «Сегіз қырлы, бір сырлы» болам деп армандаудың заманы баяғыда өткен. Меніңше қырлылар емес, қырсыздар бақытты бүгінде!
- Круглый Дурак! – деді ыза болған Төртбұрыш, қалай орысша сөйлеп кеткенін өзі де байқамай.
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)
другие статьи
-
Абайдың қара сөздерін португал тіліне аударды
7 апреля, 1:32 -
Токаеву показали новый проект казахского алфавита на латинице
11 ноября, 7:09 -
Киберпедагогика в условиях цифровизации образования
28 мая, 19:55 -
1 сентября в школах Казахстана пройдут онлайн-линейки
26 августа, 19:55 -
Қазақ халқының зергерлік өнері
1 октября, 11:55
